BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ертең «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жолға шығады

Фото: www.enbek.kz

Ертең елордадан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы еліміздің барлық өңірлерін аралауға аттанады. Пойыз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жолға шықпақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде мерекелік пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы өз жұмысын ертең, 1 қараша күні бастайды. Мерекелік пойыздың сапары Астана-Қарағанды бағытында басталады. Сосын Шығыс және Солтүстік Қазақстан өңірлерін беттей отырып, батыс аймаққа жол тартады. Ең соңғы нүктесі Алматы қаласы болмақ. Жалпы, 43 күннің ішінде 35 елді мекенге тоқтайды. Жергілікті xалыққа, оның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне және шалғайда тұратын ауыл тұрғындарына қызмет ұсынады», - дейді Әміржан Әлпейісов.

Айта кетейік, акция аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша консультациялық кеңес беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер