BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерболат Баятұлы: Шеттегі 5 миллион қазақ келмей көңіліміз тыншымайды

Моңғолиядан келген ақын, журналист Ерболат Баятұлы Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, осынау ұлы дүбірлі мерекенің қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биылғы жыл біз үшін, иісі қазақ үшін, алаш үшін және күллі түркі дүниесіндегі бауырларымыз үшін үлкен бір қуанышты жыл. Өйіткені, Қазақ Елінің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толған торқалы тойы.

Бұнда қуанбаған жүрек қашан қуанады? Бұнда шаттанбаған көңіл қашан шаттанады?

Тәуелсіздік ұғымы – ол сенің тіліңдегі, сенің діліңдегі, сенің дініңдегі, сенің рухыңдағы, сенің жан дүниеңдегі, сенің бүгінің мен ертеңгі болашағыңа деген сенімде жатқан Тәуелсіздік!

Рухтың, жанның тәуелсіздігі, әдебиет пен мәдениеттің тәуелсіздігі, жалпы, қазақы болмыс пен еркіндіктің, қазақы салт пен сананың тәуелсіздігі деп ұғамын.

Тәуелсіздік тойы құтты болсын! Ғасырдан-ғасырға жететін арманымыз, көк аспан астындағы көк туымыз болашақ ұрпақтың, болашақ қазақтың қолында желбірей берсін!» дейді ақын.

Видео: Руслан Қанабеков


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
23 Қазан 2018, 18:16
Уақыт, сағат емес...
Пікірлер