BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада әнұран мәтінін жатқа білуден байқау өтті

Фото: astana.gov.kz

Астанада «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн жобасы аясында «Шарықтасын Әнұран» акциясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары әнұран мәтінін білу сынағынан сәтті өтті. Шығармашылық жарыстың ұйымдастырушылары –елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы. Акцияға барлығы 100-ден аса адам қатысты. Сынақтан сүрінбей өткендерге мерекенің нышаны бейнеленген кесе сыйға тартылды.

Байқау аясында ұйымдастырушылар ҚР Мемлекеттік туы мен жалаушаларымен «Mannequin Challenge» сәндік флешмобын өткізді.

«Біз жастарды, балаларды, тұрғындарды және қала қонақтарын патриоттық, қызықты және мәдени шарамен біріктірдік! Аталған шараның бірегейлігі оның әлеуметтік бағытында, бұл оқиғаның коммерциялық сипаты жоқ, сол себепті флешмобқа бәрі де қатыса алды», - деп мәлім етті Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Алмат Досқалиев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер