BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы: Қазақстан әлемнiң 119 елiне 2500 тауар түрiн экспорттайды

Бүгiн Тәуелсiздiк сарайында ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты жиын өттi. Жиында Елбасы Қазақстанның әлемнiң 119 елiне 2500 тауар түрiн экспорттайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«... Қазiргi таңда мыңдаған шақырым автокөлiк жолы, үш мың шақырымға жуық темiржол желiсi төселдi. 90-шы жылдардың басында бiз ештеңе экспорттамадық, бүгiнгi таңда Қазақстан әлемнiң 119 елiне 2500 тауар түрiн экспорттайды. Бiздiң экспорт шамамен 50 млрд долларды құрайды. Бiз индустриялдық бесжылдықты жүзеге асырып жатырмыз. Барлығы 2000 жуық жаңа өндiрiс ашылды. Бiзде бұған дейiн автокөлiк, локомотив, вагон, тiкұшақ өндiрiстерi мен басқа көптеген нәрсе болған емес. Қазiр Қазақстан өнiмнiң 500 жаңа түрiн шығарады», - дедi Мемлекет басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер