BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы Ақтөбеде лаңкестiк акт кезiнде ерлiк жасаған Б.Қайырбековті марапаттады

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгiн ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде лаңкестiк акт кезiнде ерлiк жасаған Бақтияр Қайырбековті III дәрежелi «Айбын» орденiмен марапаттады. Мемлекет басшысы Бақтиярдың өз өмiрiн қатерге тiгiп, әскери қоймаға жасалған террористердiң қарулы шабуылына тосқауыл қойып, олардың көзiн жойғанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Жоғарғы наградаға ие болған Ұлттық ұлан курсанты салтанатты рәсiмнен кейiн лебiзiмен және сол қауiптi оқиға жайлы естелiгiмен бөлiстi.

«Көңiл-күйiм жақсы, марапат алғаныма қуаныштымын. Марапатты жайдан жай ешкiм алмайды ғой. Өзiм офицер мамандығын таңдадым, генералға әзiрше ойым жоқ. Генералға дейiн әлi көп уақыт керек, тәжiрибе жинау қажет. Өзiм, iсiмдi жалғастырып, ақырындап әскери шендерiмдi ала беремiн. Мемлекет басшысынан марапат алғанымда iштей толқыдым», - дейд Б.Қайырбеков.

Ол өз сөзiнде жақсы офицер болуды армандайтынын айтты. Оның пiкiрiнше, жақсы офицер басқа офицерлер мен жас сарбаздарға үлгi бола бiлуi керек.

«Ал оқиғаға келсек, ол 5 маусым күнi Ақтөбе қаласында орын алды. Мен сол күнi әскери бөлiмде, әскери қалашықтың iшкi күзетiнде болдым. Ауысымға 20 минут қалғанда бақылау-өткiзу пунктi жақтан атыс дауысын естiдiм, бастапқыда оқу-жаттығулар деп ойлап қалдым. Далада айғай шу басталып кеттi. Барлығы 16 террорист болған, маған алтауы шабуылдап, оқ атты. Мен қаруды қолданып, бiр лаңкестiң көзiн жойдым. Әрине қорқынышты болды, бүкiл өмiрiм көз алдымнан өте шықты. Бiрден ата-анам есiме түстi. Мен бiрден «егер мен өлтiрмесем, менi өлтiредi» деп ойлап, әрекет еттiм. Мен өзiмдi батыр деп санамаймын, мен алдыма қойылған мiндеттi атқардым», - дейдi Б.Қайырбеков.

Еске салсақ, бүгiн Ақордада Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығы қарсаңында бiр топ азаматқа мемлекеттік наградаларды табыстады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер