BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәурен Абаев: Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық

Фото: primeminister.kz

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Ардақты ағайын!
Баршаңызды ұлы мереке – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ширек ғасыр ішіндегі іргелі істерді қорытындылайтын мерейлі сәт.
Осынау жылдар ішінде Қазақ елі Елбасының басқаруымен талай белден, талай асудан асты. Жоғымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырттық. Мемлекеттік тіліміз төрге озды. Әлем таныған берекелі де мерекелі ел болдық», - деп жазды Д.Абаев.

Министр осының бәрі - ең алдымен қастерлі Тәуелсіздіктің арқасы екенін атап өткен.

«Баршаңызды ұлы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
XXI ғасыр қазақтың алтын ғасыры болғай!», - деп түйіндеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер