BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Б.Сапарбаев ақтөбеліктерге мемлекеттік наградаларды табыс етті

Бердібек Сапарбаев Қазақстанның Тәуелсіздігін қалыптастыруға және аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан ақтөбеліктерге мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақтөбеде 25 мың адамның қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара өтуде. Олардың қатарында еңбек ардагерлері, Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен ұлттық-мәдени орталықтардың мүшелері, кәсіпкерлер, жастар және т.б. бар.

- Бәріңізді қазақстандықтар үшін ең маңызды болып табылатын ұлттық мерекемен құттықтаймын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басшылығымен бірге 25 жылдың ішінде біз жаңа мемлекет пен қатар сонымен қатар бәсекеге қабілетті елді құрдық. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрып келеді, - деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев салатанатты шараға қатысқандарды құттықтап, мемлекет пен аймақтың дамуына айрықша үлес қосқан ақтөбеліктерге марапат тапсырды.

Атап айтқанда, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мұрасының, республиканың әлеуметтік-экономикалық, зияткерлік және рухани әлеуетінің дамуына үлес қосқан, көп жылдар бойы жемісті еңбек еткен, ерлік көрсеткен 90 ақтөбелік мемлекеттік марапатқа ие болды.

«Қазақстан Республикасының 25 жылдығы» мерейтойлық медалі 700 адамға табыс етілді.

Бердібек Сапарбаев облыстың 16 тұрғынына «Құрмет», тағы 3 ақтөбелікке ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін табыстады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

25 жыл ішінде аяғымызға нық тұрып, өмірлік тәжірибе жинақтадық. Мұның барлығы ел Президентінің көрегендігінің, оған деген халықтың үлкен сенімі мен қолдауының арқасында мүмкін болғандығын барлығымыз жақсы білеміз.

Ендігі біздің алдымызда тұрған ортақ мақсат – Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз етуіміз тиіс. Ол үшін бізде қажетті барлық алғышарттар бар – біз тиімді әлеуметтік-экономикалық жүйе мен тұрақты саяси институттарды құрдық. Тек қана аянбай еңбек етіп, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасау қажет, - деді облыс әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер