BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біз Қазақстанның EXPO-2017 көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз - ЕО

Фото: ҚазАқпарат

Еуроодақтың сыртқы істер бөлімінің баспасөз қызметі Қазақстанды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтаған хатын жариялады, деп хабарлайды BAQ.kz.

«Еуроодақ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына 25 жыл толуымен құттықтайды. Қазақстанда жүріп жатқан трансформация үдерісін толық қолдай отырып, бұл өзгеріс қазақ халқының игілігіне жұмыс істейтініне сенім білдіреді.

Біз Еуроодақ пен Орталық Азия арасындағы өзара әріптестік қарым-қатынастың тереңдеуіне мүдделіміз және мемлекеттің қауіпсіздігі, тұрақтылығы, дамуы секілді бағыттарда ұзақ мерзімді байланыстамыз. Біз Қазақстанның келер жылы EXPO-2017 көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігі біздің біріккен жұмысымызды одан әрі жандандырып, әртарапты форумдар арқылы тығыз іс-әрекет етуімізге жол ашады. Сонымен қатар, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселесіндегі келіссөздерді жеделдете түсетін болады» деп жазылған құттықтау хатта.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер