BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Балалар күніне орай сурет көрмесі ұйымдастырылады

Астана. 25 мамыр. Baq.kz - Балаларды қорғау күні және Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығы бірлесе отырып, «Хан Шатыр» ойын сауық және сауда орталығында «Түркия- Қазақстан балалар сурет көрмесінің» ашылу рәсімін ұйымдастырады. Аталған шара шеңберінде концерттік бағдарлама жоспарлап отыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Өздеріңіз белгілі болғандай, 2016 жылдың 23 сәуірінде аталған ұжымдардың ат салысуымен Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Түркия- Қазақстан 23 сәуір балалар мерекесі» атты шара ұйымдастырылып, сурет салудан жарыс өткізілген болатын.
Жарысқа қатысқан 7-10 және 11-14 жас аралығындағы Астаналық 12 баланың жұмысы жүлделі орындарға ие болып отыр. 28 мамырда ашылатын көрмеге Қазақстан –Түркия достығы тақырыбына орай салынған 40 сурет қойылады деп күтілуде. Астаналықтар мен қала қонақтары 28 мамыр күні 15:00-де аталған шараны тамашалай алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер