BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ауыл» партиясы еңбек озаттарын марапаттады

Астанада «Ауыл» ХДПП еңбек озаттарының форумын өткізді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған салтанатты шарада 4 мемлекеттік, 100-ден астам «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі мен ведомстволық марапаттар табысталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде Қазақстан өз азаматтары үшін жауапкершілікті мойнына алған бірден-бір мемлекет. Ал тұрғылықты халық өз кезегінде ортақ құндылықтар мен қоғам мүддесі үшін жауапты. Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам, оның білім алуы, денсаулығы және әлеуметтік қорғалуы», - деп атап өтті марапаттау рәсімі барысында «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев.

Мемлекеттік марапатқа ұсынылғандардың қатарында 45 жылдық еңбек тәжірибесі бар, партияның Алматы облысындағы филиалының төрағасы Нұрбай Жантілеуов, соғыс жылдары тылда еңбек еткен Филипп Полищук, 40 жылға жуық ұстаз болып қызмет істеген Людмила Салабаева, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, агроном, Жұмабай Әленов, ауыл шаруашылығы саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар Жұматай Смайылов пен Мүбәрәк Тоқпанов т.б еңбегі елеулі азаматтар бар.

«Ауыл партиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпы ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларды үнемі назарда ұстап отырады. Партия мүшелігіндегі әрбір азаматтың еңбек етуіне жағдай жасауды, өңірлерде, елімізді ілгері жетелеуші күш – еңбек адамы деген қағидаттардың насихатталуын берік ұстанып келеміз. Бүгінгі форумды өткізудегі басты мақсатымыз партиямыздың саяси кеңесінің шешіміне орай өз мүшелерімізді марапаттау болып отыр. Жалпы, бұл - саяси партиялардың арасында бірінші рет өткізіліп отырған шара. Форумға ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген адамдар келді», – дейді деді «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер