BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ауғанстан елшісі: 25 жыл ішінде Қазақстан посткеңестік елдердің көшбасшысына айналды

25 жыл ішінде Қазақстан өз дамуында дәуірлік ілгерілеуге ие болды, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Қазақстандағы Ауғанстан елшісі Мохаммед Фарук Бараки.

«25 жыл ішінде Қазақстан өз дамуында дәуірлік ілгерілеуге ие болды. Аз уақыттың ішінде ауқымды жетістікке жетіп, посткеңестік елдердің көшбасшысына айналды», - деді елші.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ішінде Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуда серпін жасады.

«Қазақстандық жолды әлем мойындап, елдеріңіз жоғарғы халықаралық беделге ие болды. Мен осы сәтті пайдалана отырып айтқым келетіні, бұл мәселе біз үшін де өте маңызды, себебі Қазақстан бауырлас, қиын шақта қол ұшын беретін серіктес ел, біз оның әр жетістігіне шын көңілден қуанамыз», - деді елші.

Айта кетерлігі, биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Бұл уақыт аралығында «Стратегия-2030» мақсаттары уақытынан бұрын орындалды. Бүгінде ел нық алға басып келеді. Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асырылып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер