BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада мерекелік отшашу шашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі тамаша отшашуға ұласты. Елордада кешкі сағат 22:00-де мерекелік шашу шашылып, түрлі-түсті жұлдыздар Астана аспанын айшықтады, деп хабарлайдыBAQ.kz тілшісі.

Жылда жаңа жыл кешінде ғана шашылатын отшашулар биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында қала халқын қызыққа кенелтті. Биыл елорда әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін естен кетпес сый жасады. Астананың үш ауданында бір мезетте отшашу болып, мерекелік көңіл-күйдің белгісі тұтас қалада байқалды. Есілдің жағасы мен Абылайхан-Пушкин көшелерінің қиылысында және «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығының жанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды отшашулар болды.

Төрт күнге созылатын мерекелік демалыстық алғашқы күні осылай қала тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлаған керемет отшашумен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер