BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елордада «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» шарасы өтті

Астанада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай №80 мектеп-гимназиясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Оқушылармен кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері мен Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың (ЮНИСЕФ, БҰҰ ДБ) өкілдері келді.

Іс-шара аясында балалар дипломатиясы орталығы ашылды. Аталған орталықтың міндеті – мектеп оқушыларына азаматтық-патриоттық тәрбие беру, Қазақстан және жалпыәлемдік қоғамдастықта бейбітшілік пен келісім идеяларын ілгерілету. Сондай-ақ, мерекелік шара аясында «Тәуелсіз Қазақстанның 25 бренді» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Оған «Ядролық қарусыз Қазақстан», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Байқоңыр», «ЭКСПО-2017» және тағы басқа экспоциялар енген. Көрменің басты мақсаты – оқушылардың өз күшімен жасаған үздік жобаларын қонақтарға паш ету.

№80 мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Жарменова мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың көпұлтты, көп конфессиялы елге деген мақтаныш сезімін ұялататынын атап өтті.

Сонымен қатар, шара кезінде «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» киномарафоны қорытындыланды. Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп-гимназиясы «Киномарафон-25» акциясын ұйыдастырған еді. Акция аясында ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары егемен елдің тарихи оқиғаларына арналған фильмдерді тамашалады.

Аталған шара гимназия оқушылары дайындаған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» әдеби-музыкалық композициясымен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер