BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асанәлі Әшімов: Тәуелсіздікті ұстап тұру – біздің үлкен міндетіміз

КСРО, ҚазКСР және Қазақстанның халық әртісі, режиссер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов Қазақ Елі Тәуелсіздігінің 25 жылдық меркесімен құттықтап, бейне-сәлем жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«25 жыл дегеніңіз онша көп сан емес, бірақ, маңызы үлкен. Еліміз ешкімге тәуелді болмай, үлкен жеке мемлекет болғанымыз – бақытымыз. Халықтың бақыты!

Осы Тәуелсіздікті ұстап тұра алсақ, сол біздің міндетіміз. Сол үшін жұмыс істеу керек.

Әр кім өз орнында өз жұмысын білуі керек! Қазіргі жағдайда сондай, тұрмыс жақсы. Әр кім өзінен артылғанын халыққа беруі керек. Ол – біздің үлкен қазанға құйған біздің қорымыз!», – дейді атақты актер.

Видео: Жандос Кокумбаев


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер