BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

А.Мұсақожаева: Тәуелсiздiгіміздің нығаюына үлес қосқанымыз үшін бақыттымыз

Атақты скрипкашы, ҚР Халық әртiсi Айман Мұсақожаева қазақстандықтарды Тәуелсiздiктің 25 жылдығымен құттықтап, елiмiздiң мәдениет саласындағы жетiстiктерi туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз 25 жылдың iшiнде Тәуелсiздiгіміздің нығаюына үлес қосқанымыз үшін бақыттымыз. Президентiмiз бiзге, халқына рахмет айтты. Бәрiмiз бiрiгiп, республикамыздың 25 жылдық үлкен мерейтойын өткiзiп жатырмыз. Жетiстiктеріміз өте көп. Әсіресе, мәдениет саласында зор табыстарға жеттік. Астанамызда Астана опера театры ашылды. Қазақстан концерт залы, хореография академиясы, Ұлттық өнер университетi бар. Тағы да көп ғимарат салынған. Мәдениет, бiлiм саласында қыруар шаруа атқарылуда», - дедi А.Мұсақожаева.

Халық әртiсi Мемлекет басшысы шығармашылыққа көп көңiл бөлiп, тәуелсiздiкке үлкен үлес қосқанын, көп тер төккенін атап өтті.

«Бiз осы үшiн Елбасымызға үлкен рахмет айтамыз. Мереке құтты болсын, елiмiз өркендей берсiн, мейрамды жақсы өткiзейiк», - деп түйіндедi скрипкашы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер