BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Александр Винокуров: Қазақ елі дамып өркендей берсін

Лондон олимпиадасының чемпионы, велоспорттан халықаралық жарыстардың жеңімпазы, танымал қазақстандық спортшы Александр Винокуров барша қазақ елін Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әлі есімде мен Тәуелсіздікпен бірге өзімнің спорттағы алғашқы қадамдарымды жасадым. 1991 жылдан бастап велоспортта қазақ елінің намысын қорғадым. Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізде көптеген өзгерістер болды. Әрине, игі шаралар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ұлттық экономиканы көтеруге, қазақстандық спортты дамытуға бағытталды. Мұның барлығы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасы. Барша қазақстандықтарға денсаулық пен бастаған істеріне сәттілік тілеймін. Еліміз бейбітшілігі мен тұрақтылығынан айырылмасын.Қазақ елі дамып өркендей берсін, халықтың өмірі мен әл-ауқаты жақсара берсін», - деді веложарыстан Олимпиада жеңімпазы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер