BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбеде 25 метрлік «Қызғалдақ» стелласы бой көтерді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Соның бірі 12 ықшам ауданындағы айналма жолдың бойындағы «Қызғалдақ» стелласының құрылыс жұмыстарымен танысты. Стелланың биікті – 25 метр, гүл өзегінің диаметрі – 1,4 метр, жалпы фундаментінің салмағы - 215,4 тонна, ал конструкция - 17 тонна, деп хабарлайды Baq.kz.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбенің басты символы «Қызғалдақ» стелласы Теуелсіздіктің 25 жылдығына арналып салынғандығын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін қалада әуенді субұрқақ және орталық көше бойында сағат сынды нысандар салынды.

Содан соң аймақ басшысы 11 ықшам аудандағы құрылысы жүріп жатқан Хоккей модулінің жұмысымен танысты. Осы маңайда орналасқан №32, №35, №43 мектептерде 3000-нан аса оқушы білім алып жатыр. Нысан келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Бердібек Сапарбаев нысанның атауын халық арасында конкурс өткізу арқылы беру керектігін қала әкімдігіне тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер