BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбе облысында «25 жұлдызды күн» шарасы бастау алды

Ақтөбе облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде мерекелеуді жалғастыруда. Бүгін Ақтөбе қаласында «Нұр Отан» Партиясы АОФ ғимаратында «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 тақырыптық күннің салатанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

Аталмыш шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, соғыс және еңбек ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік, шығармашылық қоғамдастық өкілдері, спортшылар мен жастар ат салысты.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі 25 жыл тәуелсіздік дамуында Қазақстан әлемнің 50 дамыған елдер қатарына еніп, мемлекетіміздің беделі жылдан жылға артып келе жатқандығына тоқталды. Елдегі экономика өсімі мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жыл сайын артып келетіндігін және республмканың дамуына ақтөбеліктердің де зор үлес қосып жатқандығын айтты.

-Осы жылы біз – қазақстандықтар Қазақстан Республикасының 25 жылдығын атап өтпекпіз. 25 жылдың ішінде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ең басты жетістік – көпұлтты Қазақстан халқы бейбіт өмір кешуде. Әртүрлі экономикалық, саяси дағдарыстарға қарамастан халқымыздың дәулеттілігі артып, дамып келеді. Осының барлығы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатына байланысты. Бүгінде өңірдің барлық елді мекендерін қамтитын 25 жұлдызды күн бастау алды. Біздің басты міндетіміз – әр адамға, соның ішінде көмеккке мұқтаж жандарға мемлекеттің қолдауын сездіру. Сол кезде ғана біз бір отбасы, бір мемлекет екенімізді көрсетеміз,-деді Бердібек Сапарбаев.

Мерекелік бағдарлама «25 жұлдызды күн» композициясымен басталып, «Ұлттық мемлекеттік рәміздер», «Ядролық қарусыз әлем», «Ұлттық валюта», «Мемлекеттік тіл», «Отбасылық құндылықтар», «Ғылым мен жаңа технологиялар», «Спорт жетістіктері» және т.б. тақырыптық бөліктермен жалғасты. «Отбасылық құндылықтар» бөлігінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары ақтөбелік Нұсқабаевтар отбасы ортаға шықты.

Сахнада, сонымен қатар, республикалық деңгейде құрмет пен атаққа қол жеткізген шығармашылық ұжымдар, ақтөбеліктер сөз алды. Мерекелік шара аспанға 25 мың шар ұшыруымен аяқталды.

21 қараша мен 15 желтоқсан арасында өтетін мерейлі күнге орай өтетін 25 мерекелік күннің әрқайсысы республикамыздың тәуелсіздігінің 25 жетістігін белгілейді. Осы мерзімде тек Ақтөбенің өзінде 200-ден аса ауқымды мәдени-көпшілік, әлеуметтік-маңызды шаралар ұйымдастырылады, 37 өндірістік және әлеуметтік нысандардың ашылуы жоспарланған. Мерейтойлық салтанатқа арналған шаралар Елбасы бекіткен «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылдығы» Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу Концепциясына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық саласын қамтып, Бостандық, Еркіндік, Тұрақтылық, Бірлік пен жасампаздық секілді құндылықтарға негізделеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер