BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтауда Тәуелсіздік мерекесіне арналған флешмоб өтті

Ақтауда Тәуелсіздік мерекесіне арналған флешмоб өтті. «Достық үйі» алаңына жиылған студенттер күннің суықтығына қарамастан, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнерімен көрсетті.

Шара аясында мемлекеттік рәміздер ұлықталып, патриоттық әндер шырқалды.

Юлия Айтпаева, Маңғыстау Облыстық ҚХА «Жас қанат» жастар ұйымының төрайымы:

- Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облысымыздағы жастар ұйымдары мемлекеттік рәміздерді ұлықтап жатыр. Бұл шара жастардың елге, жерге деген құрметін білдіреді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан халқы ауызбіршілік пен Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында биік белестерді бағындырды. Сондықтан жастар осы бақыттың қадірін ұғып, бағалай білуі тиіс.

Хабар 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер