BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әділбек Ниязымбетов: Тәуелсіз еліміздің қуанышты сәттері көп болсын

Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, елімізге тыныштық тіледі, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Барлығыңызды шын жүректен құттықтаймын. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Әрбір отбасыға амандық, саулық тілеймін. Қазақстанымыз өркендей берсін, спортшыларымыз әлемдік ареналарда көк туымызды желбіретсін. 25 жылдың ішінде қаншама жетістікке жеттік. Кешегі Рио Олимпиадасындағы жеңістерімізді елімізге арнадық. Осындай қуанышты сәттеріміз көп болсын», - деді ол.

Айта кетейік, Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлде алды. Финалда кубалық боксшы Хулио Сесар Ла Крусқа есе жіберді. 2012 жылы Лондонда да Әділбек финалда сүрінді. Ол кезде ресейлік Егор Мехонцевтен ұтылған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 22:18
ҚАБАНДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
Пікірлер