BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«25 жұлдызды күн» аясында медициналық көліктер шалғайдағы елді мекендерге жол тартты

Алматы облысында «25 жұлдызды күн» аясында медициналық көліктер шалғай жатқан елді-мекендерге жол тартты. Бүгін Талдықорған қаласында медициналық жылжымалы кешендерді шығарып салу салтанатты жағдайда өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған акция аясында көліктер бірнеше ауданның 25 ауылына арнайы барып, халықтың денсаулығын тегін тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің айтуынша, медициналық кешендер түрлі қондырғылармен жабдықталған.

Скринингтік тексеруден Қапшағай қаласының және Ақсу, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Көксу аудандарына қарасты ауылдардың тұрғындары өтеді. Айта кету керек, бүгінде Алматы облысының 2 млн-ға жуық халқына 826 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Оның 663 - мемлекеттік, 163 -жекеменшік.

Сондай-ақ, өңірдің медициналық мекемелерінде 4 732 дәрігер мен 13 564 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласының 2016 жылғы бюджеті 81,2 млрд теңгені құрайды. Биыл жылдың 9 айында облыстық ауруханаларда 200 мыңға жуық науқас емделіп шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер