BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұражайға тарту етті

Аудандық мәдени-демалыс орталығындағы мұражай тағы да көне жәдігерлермен толықты. Атамекен ауылының тұрғыны, көп балалы ана Мағрипа Кондудаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өзінің қолөнер бұйымдары мен осыдан бірнеше ғасыр бұрын Меккеден әкелінген қасиетті Құран кітабын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріковке салтанатты түрде табыс етті. - Биыл Тәуелсіз ел болып өз алдымызға шаңырақ көтергенімізге 25 жыл толғалы отыр.

Осы мереке қарсаңында ұмыт болып бар жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа естелік болсын деген мақсатпен өзімнің жасаған қолөнер бұйымдарымды мұражайға әкеліп тапсырып отырмын. Олардың қатарында өзіме ең құнды болып саналатын Меккеден жеткен Құран кітабы бар, - деді Мағрипа әже. Көне жәдігерлер арасында жылқының қылынан жасалған арқан мен көген, теріден жасалған мес және тағы басқалары бар. Аталмыш шараға «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі М.Нұрмақова, мәдени-де- малыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер