BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

КЕЙКІНІҢ КІМ ЕКЕНІН БІЛЕМІЗ БЕ?

Нұрболат СӘДУАҚАСҰЛЫ: Көшпелі өмір салтын ұстанған жұрт әлем тарихында жүректілігімен, білектілігімен, асқан жаугершілігімен көзге түсіп, Еуразия құрлығындағы талай хандықтардың қалыптасуына және сол хандықтар арқылы бүгінгі мемлекеттердің құрылуына сондай-ақ, құрылымына тікелей ықпал жасаған еді. Осылайша ортаазиялық көшпелілер мың жарым жылдан астам уақыт Еуразия құрлығында суперэтнос рөлін ешкімге бермей келгенді. Евфрат пен Тигр аралығында ежелгі Вавилон патшалығын құрған атақты шумерліктерді бүгінгі зерттемелер қазақтың қаңлы тайпасы еді дегенге тоқталады. Аспан асты еліндегі Сарыөзен, ежелгі мәңгі елдіктер яғни таза көктүріктер қағанатының қанат жайған жері бүгінгі Моңғол жеріндегі Орхон, Селеңгі және Ібір-Сібір жұртындағы Енесей, Арғын өзендері бір кездері көшпелі түркі тайпаларының еркін қонып, өмір сүрген орталары болғанды. Ежелгі Грек жырауы Гомердің Илиадасындағы Трояны түркі қаласы деген деректер бар. Бұл да ақиқаттан алыс емес. Троя құлағаннан кейін ол аумақтан еуропалықтардың Византия империясы құрылды. Бірақ, өмір бәрін қайтадан өз орнына қойды. Арада мың жылға жуық уақыт өтпей ежелгі Троя жері яғни, Византия түгелімен түркі жұртына қайтты. Мыңдаған жылдар суперэтнос ретінде бағаланған түркі тайпалары әлемдік саясатта айтулы ойыншылар қатарында болған. Мысалы, Ирак пен Сирияны 200 жыл билеген Жалайырлар, Кашмирдегі Дулаттар, Шығыс еуропа княздіктерінің басын қосуға ықпал еткен Кіші жүз құрамындағы көшпелі жұрттар, Мысырдың мамлюктері бұлардың барлығы бүгінгі қазақтың тари- хымен, қазақ руларының өткенімен тығыз сабақтасып жатыр. Әңгімені арыға созбай Сыр бойының Шиелі топырағын мың жылдан астам уақыттан бері мекен етіп отырған қазақтың бір тармағы қыпшақ тайпасының өткенімен сабақтастырсақ. Қазіргі қазақ тарихында қыпшақтарды Қыр және Сыр қыпшақтары деп екіге бөліп қарастырады. Қыр қыпшақтары оңтүстік орыс далалары, Орал, Кавказ, Альпі тауларында мекен етсе, Сыр қыпшақтарының дені Қаратау, Алатау және Ауған-Үнді жерін қуалай тігілген Гиндикуш тауларын жағалай қоныс еткен. Бұл жерлерді мекен еткен қыпшақ тайпаларының барлығының өзіндік тарихы бар. Мәселен Гиндикуш тауын жайлаған Құсырау қыпшақтары Шайбаниден жеңіліп, Самарқаннан айырылған Әмір-Темір ұрпағы Бабырды қолдап, әскери көмек көрсетіп, Моғол империясын құруға ықпал еткені тарихтан мәлім. Ал, Кавказ тауындағы Артық хан бастаған 45 мың қыпшақтың мұқым Қап тауы халқын арап-селжүк жаулаушыларынан сақтап, ұлт ретінде бүгінгі таңға дейін жетуіне ықпал жасағандығын біреу білсе біреу білмейді. Осы орайда, Жетісу қыпшақтарының тарихы туралы белгілі қаламгер Мұрат Күлімбеттің «Кейкінің кім екенін білеміз бе?» атты мақаласын оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз. Себебі, жуырда Үкімет басшылығы тарапынан Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтару туралы пікір айтылып, ол пікір БАҚ-та кеңінен талқыланғанды. Сондағы Кәрім Қажымханұлы атаған Кейкі батыр кім? Бұл мақаладағы Кейкі кім еді? Оған осы ұсынғалы отырған мақаладан нақты жауап табылатындығана бек сенімдіміз. Біз осы жолдарда жазған қыпшақтар тарихын, олардың мекен еткен жерлерін, Еуразия құрлығына шашырай қоныс еткендігін ой елегінен өткізе отырып, төмендегі мақаладан ой түйсек біраз дүниенің бетін ашып алары- мыз ақиқат.

Тарих беттеріне үңілсек, өткен замандардан бері «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп, азан шақырып қойған аттары қанатты сөзге айналған екі Майқы би бабаның "мірде болғанын білсек те, осы аталы сөздің нақ қайсысына қатысты айтылғаны жөнінде әлі нақтылы тұжырымға келе алмай жүргеніміз анық. Бірақ екеуінің де дана, ойшыл ғұлама болғанында дау жоқ. Сол сияқты шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлі тарихта бір емес, Әбунасырдан бөлек онымен замандас оншақты Фараби есімді ғалымның болғанын жіпке тізіп беріп жүр емес пе?! Мұндай мысалдар хандардың да, батырлар мен билердің де арасында жиі кездесіп жа- татыны шындық. Тек ерекшелігі, олардың ел ішінде насихатталуы ғана әрқалай болып келетіндіктен жалпы халық біле бермейді. Ал әр өңірдегі жергілікті халық аңыз етіп айтқанмен, кешегінің құймақұлақ қариялары келместің көшіне ілесіп, қатары сиреп, көзден бұлбұл ұшқан сайын артында іздеушісі, жоқтаушысы жоқтарының есімдері көп жағдайда ел жадынан жоғала бастайтынын несін жасырайық. Міне, сондай батыр бабаларымыздың бірі Кейкі Ниязұлы Рыспамбет туралы да осыны айтуға болады. Түбі Арқаны жаз жайлап, Сырды қыс қыстаған қыпшақ руынан шыққан Кейкі батыр күні кешеге дейін Торғай мен Жетісудың төл перзенті саналып, екі жақтың да атын айбар тұтар мақтанышына айналып келгені ақиқат. ХVIII-ғасырдың соңы мен ХIХ-ғасырдың қырқыншы жылдары шамасында (1766 – 1842) өмір сүрген Кейкінің ерлігін ел аңызға айналдырып, атағы дәуірлеп тұрған кезеңде Торғай топырағында дүниеге (1871) келіп, қаршадайынан қайтпас қайсарлығымен көзге түскен атақты мерген, Амангелді батырдың қанды көйлек серігі, қыпшақ Нұрмағамбет Көкембайұлының жасынан Кейкі атанып, тарихта солай таңбаланып кетуінің астарында да сол рулас батыр атаның абырой-беделі жатса керек. Мұндай пікірді 2000-жылдардың басында торғайлық қаламгер, өмірінің кейінгі кезеңінде зерттеушілікке ден қойып, қыруар іс тындырған сатирик ағамыз Сейіт Кенжеахметұлының да аузынан естігеніміз бар еді. Ал Кейкінің арғы бабасы, үш ғасырға созылған қазақ-жоңғар соғысының орта бөлігіндегі, атап айтқанда, ХVII ғасырдағы халқымызды «ақтабан шұбырындыға» ұшыратқан ұрыстарында халқына қалқан болған атақты Ақбай батырдың әу баста Жетісуға баруының тарихын әркім әртүрлі баяндап жүр. Осы арада түрлі жорамалдың ішінде жоңғар шапқыншылығы заманында билеріміздің күллі қазақ даласына ат шаптырып, ел шетін қорғар батыр ұлдарын шақыруымен Жетісу жеріне келіп тұрақтап қалуы шындыққа анағұрлым жанасатын сыңайлы. Себебі "зінен кейінірек Бектемір ағасының үлкен ұлы Қарабай батырдың да жанына серік болып келіп, осында ұрпақ өрбітіп қалып қоюы тектен-тек болмаса керек. Кейін патша үкіметі өздеріне бодан болған қазақтарды «бөлшекте де билей бер» саясатымен уез-уезге, болыс-болысқа б"ліп, бір-бірімен қатынасын үзіп тастауы салдарынан Арқа мен Сырдың арасында еркін көшіп- қонып жүрген қыпшақтардың бір бөлігі де Сыр бойында қалып қояды. Бірақ ХIХ-ғасырдың орта шенінде батырдың Торғай "ңірінде қалған жақын туыстарының Жетісудағы ағайындарын сағалап дүркірей көшіп кетуі Кейкі туралы аңыздардың да ауыздан-ауызға тарағанымен, шын жанашырлары қалмағандықтан көне көздердің өмір көшімен бірге бірте-бірте саябыр сып, кейінірек енді олардың да көзін көргендер түгілі, содан бері үш-төрт ұрпақ алмасып та үлгіргендіктен ұмытыла бастауын да заңдылық дер едік. Өйткені жетпіс жыл бойы кеңестік идеологияның құрығында қылғынып, халқымыздың өткені туралы жұмған аузымызды ашпай келген біздің енді өмірі атын естіп-білмеген қаншама батыр бабаларымыз бен билерімізді, көсемдеріміз бен шешендерімізді тарих қойнауларынан аршып алып, рухын тірілтіп, әруағын әспеттеп, атақ- даңқын жаңғыртып жатқанымыз да осы бүгінгі тәуелсіздігіміздің арқасы екендігіне бір тәубе етіп қойсақ та артық болмас. Десек те, өмірінің негізгі бөлігін Жетісуда өткізіп, қазақ-жоңғар соғысына негізгі нүктені қойып, халқымыздың тағдырын біржола шешіп берген Аңырақай шайқасында тасталқан болып жеңіліп, батысқа қарай жөңкіле қашқан қалмақтардың әлі де ел ішінде қалып, ара-тұра тыныш жатқан халыққа бүйірден келіп тиісуін тоқтатпаған сарқыншақтарының жымысқы жорықтарына тойтарыс беріп, жанкештілік ерлік танытқан Кейкінің жасағы өз туыстарымен қатар негізінен жергілікті найман тайпаларының "кілдерінен құралған еді. Ал қалмақтардың бұлай құтырынуының себеп- салдарына келсек, сол Аңырақай шайқасынан бері арада біраз жылдар "ткеннен кейін баяғы қуатты әскер сапындағы қазақ сарбаздарының ауыл-ауылдарына тарап, атақты батырларының өмірден өткендігін, тірілерінің қартайып, өз жөндеріне кеткендігін пайдаланып, зорлық- зомбылық пен қоқан-лоққыға көшкендегі әрекеттері болатын. Бұл дегеніңіз қазақтар шешуші шай қаста жоңғарларды ес жиғызбастай ойсырата жең генімен, мұнымен іс бітпей, ел шетіне толық тыныштық орнамағанының дәлелі еді. Оның үстіне әлімсақтан келе жатқан ежелгі түлкі бұлаң әдетіне басқан Қытай үкіметі де екі халықтың арасына от салып, шапқа түртуін тоқтатпақ түгіл, қайта "ршіте түскен. Міне, осындай сұрқия саясаттың айла- шарғысын арқаланып, к"рші ауылдардың малын барымталап, қыздарын күңдікке алып кетіп, елді күйзеліске ұшыратқан аласапыран кезеңдерде күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей, халқына қорған бола білген Кейкі батыр ауыл- аймақтың кеудесінде намысы, жүрегінде оты, бойында қайраты, жүзінде айбаты бар аза- маттарынан құрған жасағымен жұртының бейбіт өмірінің шырқын бұзып аласұрған жау сілімтіктеріне атой салып, үй-орман, түп-тұқиянымен көз көрмес, құлақ естімес қиян-түкпірлерге түре қуып тастап отырған. Жоңғар басқыншылары жұрнақтарының әйгілі Аңырақай шайқасындағы түпкілікті жеңілісінен кейін де енді құм-құмның арасында отырған шағын ауылдарға топ-тобымен тұтқиылдан келіп түн ұйқысын төрт бөлген шабуылдарына елдің әр аймағындағы қазақтың Кейкі сынды батырлары бастаған сайыпқыран сарбаздары тойтарыс беріп қана қоймай, оларды ығыстыра-ығыстыра "здерінің атақоныстарынан да бездіріп, теңіздің арғы жағынан тұрақ табуына мәжбүр еткенін де тарихтан жақсы білеміз. Кейбір деректер Кейкі батыр отыз жасында өз жасағымен Жетісудан әрі асып, Алтай "ңіріндегі қандастарына барып, сол қарсаңда қазақ-моңғол арасында болған қақтығыстарға да қатысып, екі жақты мәмілеге келтіруге атсалысқандардың ішінде болғанын да ай- тады. Ал Кейкі батырдың Торғай "ңіріне ХIХ ғасырдың басында оралып, мұнда келген соң да негізінен өз ағайындары қатарынан жаңа жасақ құрып, елуден асқанша жортуылда болып, Жетісуға қайта оралған сыңайлы. Мұнда да сол Алтайдан батысқа қарай бас сауғалай жылжи отырып, жолындағы қазақ ауылдарының малын тонап, дүние-мүлкін олжалап, қырғидай тиген жоңғарларға қарсы ұрыс ашып, Ырғыздан да әрі асырып, қазақ жерінен мүлдем қуып тастағанша тыным таппаса керек. Сөйтіп, заманында Торғай даласының тыныштығын күзетуге де ерен ерлігімен үлес қосқан Кейкі атағы көпке дейін ел аузынан түспеуі ырымшыл қазақтың Амангелді Имановтың батыр серігі Нұрмағамбет Көкембайұлын Кейкі батыр атап кетуіне осылайша ықпал-әсері тигенін жазып жүрген авторлардың тұжырымдарын да жоққа шығаруға болмас деген ойдамыз. Алматы облысы, Алакөл ауданының Қызылащы ауылы іргесіндегі ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жоталардың бірінің күні бүгінге дейін Ақбай батыр жотасы атанып келуінің астарында да талай сырдың жатқаны анық. Кешегі тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Қызылащыға жол түскен бір сапарымызда Кейкінің інісі, оның жасағының бір сарбазы атанған Құдастың шөбересі Мырзағали аға батырдың әкесі Нияз бен атасы Рыспамбет те, осындағы найман ағайындардың көпшілігінің аталары да сол атақты Аңырақай шайқасына қатысқан батыр сарбаздардың сапында болғанын мақтаныш ете отырып айтқан. Сол Мырзағалидың ағасы Мырзаштың ұлы, осы сапарымыздың жолбасшысы болған ғалым ініміз Мырзабек Рысбеков «Алматы – Өскемен» тас жолы жиегіндегі Кейкі батыр есімімен аталатын үлкен жотаның да төбесіне бастап барған. Жотаның етегінен жоғары қарай өрлей бастағанымызда көзімізге бірден төбеде жерге тік шаншылып тұрған үлкен қайрақ тас шалынған. Жанына көтеріліп барғанымызда оның маңайында ұсақ қиыршық тастармен көмкерілген кішкентай-кішкентай төбешіктерді де көрдік.

– Кейкі бабамыздың зираты осы. Батыр өз өсиеті бойынша мына қайрақ тастың астында жатыр. Ал мына төбешіктер оның жасағы сарбаздарының өзінен кейін өмірде өткен бір бөлігінің қабірлері. Олар да өздерінің ұрпақтарына өсиет етуімен осында жерленген. Мұнда басқа мүрде жоқ, – деп әңгімесін жалғаған Мырзабек мырза сөз орайында Кейкінің тек батыр ғана емес, әйгілі Райымбек батыр тәрізді кісі дертінің дауасын дөп басатын, емшілігімен еліне танылған тәуіп, бойына алдағыны болжай білетін қасиет қонған көріпкел-әулиелігі бар ерекше жаратылған жан болғанын да тілге тиек еткен. Кейкінің көріпкелдігінің бір дәлелі – ол науқастанып, жағдайы төмендеген бір сәтінде ағайын-туыстарымен арыздасып жатып өзінің дәл қай кезде дәм-тұзы таусыларын да алдын-ала болжап айтып, өзін қайда жерлеу керектігі жайы сөз болғанда: «Оған бастарыңды ауыртпаңдар. Мені пәлен күннен кейін қолыма найзамды ұстатып, зембілге салып алып жүріңдер. Сол найза қай жерге түссе, сонда жерлейтін болыңдар. Қабірімді қазған кезде астынан қайрақ тас шығар. Сол тасты моламның басына белгі етіп қойыңдар», - деп өсиет қалдырыпты. Сонымен, дәл айтылған күні ағайынның жас жігіттері сырқаты меңдеген Кейкіні зембілге салып алып жүреді. Жүре-жүре Қызылащыға жақын маңдағы оны жанамалай өтетін күре жол бойындағы жотаның басына шыққанда батырдың қолындағы найза сылқ етіп жерге түсіпті. Қараса, батыр да сол сәтте жан тапсырған екен. Шынында, сол жерден қабірді қазып жатқанда астынан әлгі айтқан қайрақ тасы шығып, батырдың аманаты бойынша оны зиратының басына орнатқан көрінеді. Сол тас ты мен де өз көзіммен көріп, басына тәу етіп, рухына құран бағыштап аттанғам. Бүгінде ол тастың орнында жерлестері мен ұрпақтары орнатқан мәрмәр монумент тас тұр.

Онда: «Қалқаны болдың қазақтың, Арманың еді азат күн. Арайлап атты нұр таңың, Тәу етер, баба, ұрпағың!» - деген жыр жолдары тасқа ойылып жазылған. Иә, бұл биыл туғанына 250 жыл толғалы отырған батыр рухына мәңгілік тағзымның бастамасы ғана. Бір бұл ғана емес, бұдан бұрын да Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Түркология» ғылыми зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Сейсенбай Құдасовтың 2011 жылы «Қазақстан әйелдері» журналының 3-санында «Біз білетін Кейкі кім?» деген көлемді мақаласы жарияланғаны естеріңізде болар. Сол жылдың жазында сазгер мірзақ Оспановтың ақын қарындасымыз Маржан Есжанованың сөзіне жазылған «Кейкі – батыр бабамыз» атты әні эфирден шырқалып, кейін бұл әнге әнші Аман Т"ренің орындауында арнайы бейнебаян да түсірілген. Осы ән мәтініндегі: «Зар заманда даламды бұлт торлаған, Туған жерге қалқан болған өр бабам. Сүйем жерін қазағымның қастерлеп, Қарыс жерін қаныменен қорғаған. Батыр баба ол нағыз, Ерлігі елге болды аңыз. Толғасаңыз тарихтың, Шежіресін толғаңыз. Кейкі баба шындығын, Жар салатын күн бүгін. Ту көтерген қазақтың, Ынтымақ пен бірлігін...» - деген жолдар біздің баршамызды елдік пен ерлікке үндеп тұрғандай.

Мұрат КҮЛІМБЕТ. Астана қаласы. Кейкі бабаның портретін салған: белгілі суретші жерлесіміз, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Әбілқасым Сәрсенбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер