Жиналған қаржы халық игілігіне жұмсалуда – Мұхамедиұлы  - Спорт|30 Тамыз 2018, 12:12
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жиналған қаржы халық игілігіне жұмсалуда – Мұхамедиұлы 

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Burabike 2018 жыл сайынғы қайырымдылық велошеруінің басталу салтанатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осы қайырымдылық шарасының барша қатысушыларына алғысым шексіз. Бұл қайырымдылық дәстүрге айналып кетті. Жиналған қаржы шын мәнінде халықтың игілігіне жұмсалуда, бұл қуантарлық жағдай. Осы велошеруге қатысушыларға сәттілік тілеймін. Бүгін тіпті ауа райының өзі бізге қолдау көрсетіп тұрғандай», - деді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы велошерудің ашылу салтанатында.

Айта кетейік, осы жылы балалардың өмірін құтқаруға өз үлесін қосамыз деп 2 300 адам ниет білдірген. Оның ішінде 600-ден астам адам 30-километрлік қашықтықты велосипедпен жүріп өтеді.

Жалпы, 5 жылда қатысушылар саны 8 есеге өскен, дәлірек айтсақ, 130 адамнан 1 023 адамға дейін артқан.

2013 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан шара аясында Burabike қатысушылары және қонақтары қайырымдылыққа 470 миллион теңгеден астам қайыр жасаған. Ал, 2017 жылы жиналған қаражат 168 429 890 теңгені құрады. Бұл 2013 жылғы жиналған сомадан 15 есеге артық (ол кезде велосипед жарысы алғаш рет өткізілген болатын).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер