BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жарақат алған соң финалда белдесе алмадым – самбошы 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 8-12 қараша күндері Румыния астанасы Бухаресте өткен самбодан әлем чемпионатында 68 келіде Нұркелді Қиялбеков күміс медальға ие болды. Жартылай финалда жарақат алған ол ақтық белдесуге шыға алмады.

Әлем чемпионатында Нұркелді Қиялбеков (68 кг) жарақатына байланысты финалдық белдесуге шыға алмады. Ол осымен үшінші әлем чемпионатына қатысып отыр. Осыған дейін екі рет қола медальға ие болған.

«Ақтық айқасқа шыққанда жарақат алдым. Жарақатымның себебінен финалға шыға алмай, екінші орынға ие болдым. Жарыстың деңгейі өте жақсы болды. Қарсыластар да жақсы. Бізді дайындаған бапкерлерге, басшылыққа алғыс айтамын», - деді самбошы.

Қазақстан құрама командасының басшысы Жандос Кемелбаев спортшының финалда жеңіске жететініне сенімді болғанын айтты.

«Жартылай финалда басымдықпен жеңді. Қабырғасынан жарақат алып, дәрігерлер оны жарыстан алып тастады. Финалда белдесіп жеңеді деп ойладық. Солай болуы тиіс еді», - деді Жандос Кемелбеков журналистерге.

Айта кетсек, Бухаресте өткен самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер