BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасын ұтты

Фото: Prosports.kz

Токиода өтіп жатқан Japan Women's Open Tennis турнирінде Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцеваны жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық қос қыз турнирдің ширек финалында кездесті. Бірінші сетте 6:4 есебімен Путинцева алға шықты, алайда екінші ойында Дияс 6:1 есебімен басымдылыққа ие болып, қорытынды кезеңде 6:3 есебімен Путинцеваны жарыстан шығарып жіберді.

Айта кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 52-ші орында, ал Дияс 100-ші орында. Бұрындары теннисші қыздар теннис алаңында қарсылас атанбаған.

Финалдық кездесуде Зарина Дияс америкалық теннисші Кристина МакХэйлмен кездеседі. Еске салайық, Japan Women's Open Tennis турнирінің жүлде қоры - 226 750 доллар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер