BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зарина Диас WТА рейтингінде ТОП-100-ге енді

US Open қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдерінің жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ға сілтеме жасап.

Жеке дәреже бойынша жолаққа бірінші испан теннисшісі Гарбинье Мугуруса шықты. Одан кейін румын спортшысы Симона Халеп және украин теннисшісі Элина Свитолина тұрды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева екі орын өткізіл алып, жолақта 52-ші болып тұрақтады. Ал Зарина Диас тоғыз жолаққа көтеріліп, рейтингтің алғашқы жүздігін тұйықтады.

Ярослава Шведова 44 орынға төмендеп, 126-ыншы орынға табан тіреді. Ол жұптық дәрежеде 23-інші орынға көтерілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер