BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсеткен этникалық қазақ жеңіске жетті

Астана, BAQ.KZ. Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC ұйымында өткізген бірінші жекпе-жегінде жеңімпаз атанды

Vesti.kz порталының жазуына қарағанда, Исмағұловтың қарсыласы австралиялық Алекс Горджес болды. Олардың жекпе-жегі Австралияның Аделаида қаласында UFC Fight Night 142 турнирі аясында өтті. Кездесу үш раундтан тұрды. Төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі (30-25, 30-26 және 30-26) бойынша Исмағұлов жеңімпаз атанды.

Исмағұлов октагонға қазақша әнмен және Ресей және Қазақстанның туларымен шықты.

27 жастағы Исмағұлов ММА ережесі бойынша өткізген 17-ші жеңісі. 23 жастағы Горджес болса бірінші рет жеңілді, бұған дейін ол жеті кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жеткен.

Исмағұлов Орынборда дүниеге келген, тарихи отанында өткен жарыстарда ол Қазақстан туымен жығып жүрді. UFC ұйымына өткенген дейін ол M-1 Global ресейлік промоушеннің чемпионы болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер