Француздық клуб Патрик Твумасиді ауыстыру жөнінде ұсыныс жасады - Спорт|29 Қаңтар 2018, 09:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Француздық клуб Патрик Твумасиді ауыстыру жөнінде ұсыныс жасады

Фото: "Астана" клубының баспасөз қызметі

Франциялық «Кан» елордалық «Астана» клубымен Гана құрамасының шабуылшысы Патрик Твумасиді ауыстыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

1-ші Лигада 12-орында келе жатқан «Кан» клубы басқа ганалық форвард Маджид Уорриспен келіссөз сәтсіз аяқталған соң Твумасиге көз тікті. Ал Маджид «Лорьяннан» «Портаға» ауысты.

L'Equipe басылымының хабарлауынша, соңғы кезде «Кан» «Астанамен» белсенді түрде келіссөз жүргізіп, ұсыныс жасады. Футболшының ауысуын бір миллион еуроға бағалап отыр. Келісімшарт жақын күндері жасалуы мүмкін.

Бұған дейін Патрик Твумасиді француздық «Нант» клубы алғысы келеді деген ақпарат тараған. Одан бөлек, мәскеулік «Спарта», германиялық «Штутгарт», түркиялық «Гезтепе», шотландиялық «Селтик» және Жапонияның бір клубы ганалық спортшыны алуға ниеттілердің қатарында болды.

23 жастағы Твумаси «Астана» сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер