Теннис: Дэвис кубогының жеребесі тартылды - Спорт|01 Ақпан 2018, 17:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теннис: Дэвис кубогының жеребесі тартылды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Астанада теннистен Дэвис кубогының 1/8 матчы қарсаңында Қазақстан мен Швейцария ұлттық командаларының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша 2 ақпанда ең бірінші Дмитрий Попко мен Генри Лааксонен кортқа шығады. Содан соң Михаил Кукушкин мен Адриан Бодмер өзара мықтыны анықтайды. 3 ақпанда Тимур Хабибуллин мен Александр Недовесов жұбы Лука Маргароли мен Марк Хёслермен күш сынасады. Ал Дэвис кубогының соңғы жарыс күнінде Михаил Кукушкин мен Генри Лааксоненмен кездессе, Дмитрий Попко мен Адриан Бодмер ойынның нүктесін қояды.

Теннистен Қазақстан мен Швейцария ұлттық командалары арасындағы кездесу 2-4 ақпан күндері Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан Дэвис кубогына 1995 жылдан бастап қатысып келеді. Ел құрамасы әлемдік топқа алғаш рет 2010 жылы шықты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер