Сондерс жақында кәсіпқой бокспен қоштасуы мүмкін - Спорт|30 Қаңтар 2018, 16:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сондерс жақында кәсіпқой бокспен қоштасуы мүмкін

Фото: PROFIBOXING.RU

Әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген британиялық бокстағы мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Билли Джо Сондерс үлкен бокс кешінде шаршы алаңға оралады. Аталған кеш 14 сәуір күні өтеді. Ол алдағы уақытта спорттан кетуі мүмкін екенін айтты.

«Қазір мансабымның шарықтау шегінде тұрмын деп ойламаймын. Кәсіби бокста тағы екі жыл жүруіме болады деген ойдамын. Жасым отыз екіде. Мансабымды 30-31 жасымда аяқтауды жоспарлаған едім. Кейін әлі де күш-қуатымның бар екенін түсіндім», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Билли Джо Сондерстің келесі қарсыласының кім болатыны туралы хабарланған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер