BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сметов пен Отгонцэцэг ел біріншілігіне қатыспайды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 13-16 қараша күндері Астанада «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионаты өтеді. Дзюдодан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Жұмағұлов халықаралық аренада жүделі орын алып жүрген бірқатар спортшылардың жарақатына байланысты біріншілікке қатыса алмайтынын айтты.

Ел чемпионатына Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерлан Серікжанов, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэцг пен Азия ойындарының қола жүлдегері Гүлжан Исанова жарақатына байланысты қатыспайды.

«Гранд-слам» жарысында Елдос Сметов жарақат алып қалды. Оны жазуымыз керек, оңалту шаралары жүргізілуі тиіс. Жарақат алып қалса басқа жарыстарға дайындалу үшін оларды емдеуге уақыт береміз. Дидар Хамза Абу-Дабиде күрескен кезде басынан жарақат алды. Кеше ғана Ташкенттегі Гран приді ұтып, Абу-Дабиде алған жарақатын қайта ауыртып алды. Соған қарамай жыл соңында әлемнің мықты 16 дзюдошы күресетін «Мастерс» жарысына қатыспақшы. 16 спортшының алдына шықпаса 2019 жылы қайтадан рейтинг қуалауымыз керек. Рейтингіні қуып жете алмайтын болсақ 2020 жылы Олимпиадаға дұрыс дайындығымыз болмайды», - деді бас бапкер.

Ол спортшылардың жарақаттары болмағанда Қазақстан біріншілігіне қатысуы тиіс екенін айтты.

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Лицензия алу дзюдода төрт жыл жүреді. «Гранд Слам» жарысында жақсы ұпай жинап қалған екі жарысқа қатыспаса спортшының рейтингісі түсіп кетеді. Осыған дейін Олимпиадада 22 мықты дзюдошы қатысса, олардың саны 18-ге қысқарды. Кешегі Бакуде өткен әлем чемпионатында 125 елдің дзюдошылары күресті. Енді олдар 18 мықты спортшының қатарына кіру үшін таласатын болады», - деді Айдын Смағұлов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер