BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Синхронды жүзуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңімпаз атанды 

Алматы, BAQ.KZ. Қарашаның 7- 12 аралығында Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден халықаралық турнир өтті.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің дерегінше, жарысқа Словения, Чехия, Польша, Венгрия мен Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы қатысқан.

Турнир қорытындысы бойынша, 13-15 жас аралығында жасөспірімдер арасында қазақстандықтар бірінші орын иеленді. Атап айтар болсақ, жекелей сында Арина Мясникова бірінші, Этери Какутиа екінші сатыдан көрінді.

Арина Мясникова мен Наргиза Болатова жұптық сында топ жарды.

Сондай-ақ, топтық жаттығуда да біздің құрама биіктен көрінді. А. Мясникова, Н. Болатова, Э. Какутиа, К. Шаматульская, К. Макарова, Е. Лепихова, Д. Валиулина, Э. Пашковсквя, В. Михальченко, Я. Шевченко, Ю. Рогалева, А. Павлецова топтасып жаттығудан ешкімгі тізгінді берген жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер