Шаңғышы Полторанин әлем кубогы кезеңінде алтын алды - Спорт|22 Қаңтар 2018, 10:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шаңғышы Полторанин әлем кубогы кезеңінде алтын алды

Фото: Prosports.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол 15 километрге классикалық әдіспен жарысуда жеңіске жетті. Полторанин бұл қашықтықты шаңғымен 7 минутта жүгіріп өтті. Күмісті норвегиялық Йоханнес Клэбо, қоланы швециялық Калле Хальварссон иеленді.

Алексей Полторанин - шаңғымен жүгіруден Азия ойындарының чемпионы. Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ол биыл 9-26 ақпанда өтетін қысқы олимпиадаға қатысады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер