Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық Геннади Головинмен жұмыс істейтін жаттықтырушы Абель Санчес команданың жеңілісті қалай қабылдағандығын айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Әр команда жеңіліс тапса да өзін әрдайым жеңімпаз сезінеді. Бізде өзімізде жеңімпаз санаймыз, тек «Канелоға» жеңісті берген екі төрешіден өзгесінің барлығы сондай ойда. Эл Бернштейн жекпе-жекті комментаторсыз көріп, 12-ші раундты Головкинге сөзсіз берген. Сондықтан, әрине, біз сол кеште жеңдік деп ойлаймын. Геннадий көңілі түсіп кетті. Ол Вегаста артықшылықты жергілікті боксшыға беретіндігіне кішкене ашуланды. Шешімді өзгерту үшін біз ештене істей алмаймыз, сондықтан бұл мәселені талқыладық. Біз Геннадиді халық чемпионы деп санаймыз, адамдар ол жеңді деп ойлайды», - деп жазды Санчес Reddit-гі жанкүйерлеріне.
Еске сала кетсек, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде орта салмақтағы WBA (Super), WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (49-1-2, 34 КО) жеңіліп, чемпиондық белбеулерінен айырылып қалдығанын жазған болатынбыз.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!