BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Руни Англия сапындағы соңғы матчын өткізді

Астана, BAQ.KZ. Футболшы Уэйн Руни «Англия» мен «АҚШ» құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде спорттық карьерасындағы соңғы ойынын өткізді.

33 жастағы футболшы Руни «Уэмбли» стадионында өткен матчтың 58-минутында алаңға шықты. «Англия» құрамасы америкалықтарды 3:0 есебімен жеңді.

«Маған бапкер болған қызық көрінеді. Солай болады деп ойлаймын», - деді Руни «Манчестер Юнайтедтің» ресми сайтына.

Футболшы 2016 жылы Англия құрамасы сапындағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын. Ол ұлттық командада жүріп 120 матч өткізді және 53 гол соқты. Руни – ағылшын құрамасы тарихындағы ең үздік бомбордир.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер