BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Əрине, реванш өткізгім келеді – Головкин

Фото: Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жектен кейін реванш өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Мен жеңілген жоқпын. Əлі де чемпионмын. Мені қолдағандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Әрине, реванш өткізгім келеді. Мен бокстасқым келеді», - деді Головкин.

«Егер халық қаласа, мен де реванш болғанын қалаймын», -деді Сауль Альварес.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылардың 12-раундқа созылған жекпе-жек төрешілер шешімімен тең аяқталған еді.

Сонымен қатар 35 жастағы жерлесіміз 18-рет WBA, 16-рет IBO, 4-ші рет IBF және 3-ші рет WBC титулдарын қорғады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер