20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
20-27 қыркүйек аралығында Әзірбайжан астанасы Баку қаласында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 130 елінен 800-ге жуық дзюдошы 14 салмақ бойынша жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдік додада ел намысын қорғайтын жігіттер:
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг),
Ерлан Серікжанов (-66 кг),
Жансай Смағұлов (-73 кг),
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг),
Азиз Қалқаманұлы (-81 кг),
Дидар Хамза (-81 кг),
Ислам Бозбаев (-90кг),
Виктор Демьяненко (-100 кг),
Ерасыл Қажыбаев (+100 кг).
Ал, қыздардан көк байрағымызды көтеріп боз кілемге шығатындар мыналар:
Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг),
Севара Нишанбаева (-57 кг),
Ақниет Тұрдан (-63 кг),
Аэлита Щербакова (-70 кг),
Ажар Салықова (-70 кг),
Зарина Райфова (-78 кг),
Гүлжан Исанова (+78 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг) қорғайтын болады.
Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем рейтингінде 2000 ұпай, күміс жүлдегерге 1400, ал қола жүлдегерге 1000 ұпай қосылады. Сондай-ақ, Әлем чемпиондарына 26 мың евро, күміс жүлдегерге 15 мың еуро, ал қола жүлдегерге 7 мың доллар сыйақы беріледі.
Аталған бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!