BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Qazsport «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімін көрсетеді

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы 21 желтоқсан күні сағат 17:30-да Қазмедиа орталығының концерт залында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын Тұғыр-2018» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтеді.

Осы жылы ұлттық спорттың халықаралық бәсекесінде біздің саңлақтарымыз сан мәрте дара шықты. Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатында, Теңге ілу мен Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионатында, Жамбы атудан XIV Әлем чемпионатында, Көкпардан, Тоғызқұмалақтан, Асық атудан, Қазақ күресінен халықаралық жарыстарда жүлделі орын иеленген спортшыларымыз арасында «Алтын тұғыр» сыйлығына лайық үздіктер аз емес.

«Алтын тұғыр» - жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын ұлттық спорттың дәстүрлі жиыны. Айтулы кешке елімізге танымал әнші-ақындар сахна төрінде өнер көрсетеді.

Айта кетейік, марапаттау рәсімін «Qazsport» телеарнасы 22 желтоқсан күні сағат 20:25-те көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер