Петербургте өткен турнирде Арман Әшімовтің қолын сындырды - Спорт|25 Мамыр 2018, 10:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Петербургте өткен турнирде Арман Әшімовтің қолын сындырды

Фото: news.allinfo.kz

56,7 келі салмақта өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов 24 мамырда Санкт-Петербургте өткен M-1 Challenge 92 турнирінде жеңіліп қалды. «Матч-ТВ» телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жекте оның қарсыласы – украиналық Александр Доскальчук болды.

Жекпе-жек бар болғаны екі раундқа дейін ғана жалғасты. Екі раундта да украиналық спортшы басымдық танытты. Екінші раундтың соңында ол ауыртпа тәсілін қолданып, қазақстандық спортшы одан сытылып шықты. Бірақ Әшімов келесі раундқа шыққан жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының қолы сынған. Осылайша Арман үшінші рет жеңіліп отыр.

«Мұстафа Өзтүрік» лақап атты Әшімов биыл ақпан айында M-1 Challenge аралас жекпе-жек турнирінде ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион болған. Ол финдік Микаэл Силандэраны сұлатып салған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер