Олимпиадаға «таза» спортшылар ғана барады деп үміттенеміз – ҰОК - Спорт|30 Қаңтар 2018, 13:31
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Олимпиадаға «таза» спортшылар ғана барады деп үміттенеміз – ҰОК

Фото: Спорт-Экспресс

9-25 ақпан аралығында Пxенчxанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар бірнеше рет допингтік сынама тапсырған. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің бас xатшысы Данияр Әбілғазин мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе допинг қолдануға жол бермеу шараларын қабылдадық. Олимпиадаға баратын ықтимал үміткерлердің барлығы бірнеше рет допинг тестілеуден өтті. Соңғы рет қаңтар басында әр спортшыдан алынған сынамалар Дрездендегі допингке қарсы лабораторияға жіберілді», - деді Ұлттық олимпиада комитетінің бас xатшысы Данияр Әбілғазин бүгінгі Үкімет отырысында.

Ол қысқы Олимпиадаға баратын қазақстандық спортшылар допинг қолданбайды деп сенеді.

«Олимпиадаға «таза» спортшыларымыз ғана барады деп үміттенеміз. Бұл негізгі мәселелердің бірі», - деді ол.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Пxенчxанда өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан спорттың тоғыз түрінен 46 спортшы барады. Ел қоржынында әзірге Олимпиаданың 57 лицензиясы бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер