Олимпиадада допинг қолданған спортшы 12 жылға сотталды - Спорт|30 Қаңтар 2018, 18:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Олимпиадада допинг қолданған спортшы 12 жылға сотталды

Түрікменстанда V Азия ойындарында өнер көрсеткен бірнеше спортшы жүлделерінен айырылып, түрмеге қамалды. Олар тыйым салынған препараттарды тұтынғандары үшін айыпталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centrasia.ru сайтына сілтеме жасап.

Айып кемінде төрт спортшыға тағылды. Дереккөздеріне сәйкес, олардың бірі – Әли Аллабердыев екені анықталды. Ойын кезінде ол қола жүлде алған болатын.

«Ойын барысында Түрікменстан спортшыларының денесінен допинг табылды. Олар түрмеге жабылды. Барлығы Әли Аллабердыев туралы айтып жатыр. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды», - дейді Түрікменстан ІІМ өкілі.

Спортшының танысы оның допингті жарақатына бола тұтынғанын айтты. Себебі, ол ойындарға үкіметтің қысымына бола қатысы.

«Әли бұрын да халықаралық жарыстарда үздік өнер көрсетті. Оның дайындығы өте жақсы. Бірақ ойын кезінде ол үкімет тарапынан көрсетілген қысым мен шаралардың көптігін психикалық тұрғыдан көтере алмады. Сол қолындағы жарақатына қарамастан, Әлидің өнер көрсетуіне тура келді. Осының барлығын көтере алмай, допинг қолданса керек», - дейді дереккөзі.

Ал тағы бір спортшы, расталмаған дерек бойынша, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да есімі өзгелерінікіндей аталмады. Бұл мәлімет ресми расталмады. Ал журналистер пікір сұраған адамдар жауап беруден бас тартқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер