Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен сайыс өтті - Спорт|25 Қаңтар 2018, 20:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен сайыс өтті

Фото: nurotan.kz

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қолдауымен Қостанайда «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисі бойынша ашық облыстық турнир өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылы ол Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орайланып отыр.

Партия облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Олжас Дүйсековтың айтуынша, осындай шаралардың басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту, мүгедектердің спорттық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың өміріне қоғам назарын аудару болмақ.

"Турнир дәстүрлі түрде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестіктердің тарапынан мұндай бастамаларды әрқашан да қолдап жүреді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қатысушылар келіп, турнирге қатысып отыр, бұл өте қуантады. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, оны жыл сайынғы негізде өткізуге көздеп отырмыз, – дейді Олжас Дүйсеков.

Әйелдер арасында үстел теннисі бойынша бірінші орынға ие болған Рауза Смағұлова бұл турнирге жыл сайын қатысып отыратынын атап өтті.

"Осындай спорттық іс-шараларға қатысу мен үшін үлкен қуаныш, спортпен шұғылданғанды қатты ұнатамын. Былтырғы жылдары да мен турнирге қатысып, жүлделі орындарға ие болатынмын. Биыл мен бірнеше қарсыласымды жеңіп, бірінші орынды иелендім. Ойын тартысты өтті. Осындай іс-шаралар біз үшін әрі қарай даму үшін үлкен ынталандыру", – деп алған әсерімен бөлісті Р.Смағұлова.

Жалпы турнирге жиырмадан астам адам қатысты. Жарыс жүлдегерлері «Нұр Отан» партиясы атынан медальдармен және грамоталар, сондай-ақ Елбасы қызметінің қарағандылық және теміртаулық кезеңдері жөнінде баяндалған «Құрыш тұлға» атты кітап табысталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер