BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Моңғолиялық қазақ қазақ күресінен Азия чемпионы атанды

Бүгін Астанада Қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында +100 келі салмақта бірінші орынға Моңғолия балуаны Серік Бердімұрат ие болды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

Аталмыш салмақта Серік Бердімұрат ақтық сайыста Тәжікстан балуаны Дадохан Курбоналиевтан басым түсті.

Сонымен қатар, дәл осы салмақта қола медальды - Қазақстан балуаны Айбат Сейтен мен өзбекстандық Арнұр Сәрсенбаев бөлісті.

Еске сала кетсек, Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1 000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3 000 доллар, «күміске» 1 500 доллар, қола жүлде иесіне 1 000 доллар табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер