Месси Роналдумен қарым-қатынасы жайлы айтты - Спорт|29 Қаңтар 2018, 14:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Месси Роналдумен қарым-қатынасы жайлы айтты

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналдумен қарым-қатынасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

«Достық – ол жылдар бойы құрылады. Менің Роналдумен ешқандай қарым-қатынасым жоқ. Біз тек марапаттау рәсімдерінде кездесіп тұрамыз. Сол кезде ғана бір-бірімізбен әңгімелесеміз. Барлығы дұрыс, бірақ біздің жолымыз көп тоғыса бермейді», - деді Месси.

Еске сала кетсек, 22 қаңтарда Роналду Мессиді нашар футболшы деп атаған болатын.

2008 жылдан бері екі футболшы да «Алтын допты» 5 реттен жеңіп алды. Қазір 30 жастағы аргентиналықтың еншісінде 33 матчтан 29 гол болса, ал 32 жастағы португалиялық футболшының еншісінде 26 ойыннан 20 гол бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер