Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын атады - Спорт|30 Қаңтар 2018, 08:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы қарсыластарын атады

Аргентиналық футболшы Лионель Месси «Барселонаның» Чемпиондар лигасындағы басты қарсыластарын атады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Футболшы қандай командалармен жолы түйіссе де, оңай болмасын командаластарының ойына салғандай.

«Дәл қазіргі уақытта «Манчестер Сити» әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. ПСЖ клубын да осал деп айтуға келмейді. «Реал» Чемпиондар лигасынан биыл да үмітті клубтардың бірі. Олардың тәжірибесі мен шеберлігі мол. Ал «Баварияны» нағыз табанды команда деуге болады. Олар соңғы сәтке дейін беріспей ойнай алады», - деді Месси «Marca» басылымына берген сұхбатында.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселона» «Челсимен» кездеседі. Командалар арасындағы алғашқы ойын 21 ақпан күні Лондонда өтеді.

Айта кетейік, түнде Испания чемпионатының ХХІ турында «Барселона» өз алаңында «Алавесті» 2:1 есебімен ұтты. Ойындағы айып соққысы кезінде жеңіс голын Месси соқты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер