BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Мен оны нокаутқа түсіргім келеді". Фируза Шәріпова UFC чемпионын жекпе-жекке шақырды

Астана, BAQ.KZ. Кәсіби бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова екі дивизионда UFC чемпионы бразилиялық Аманда Нуньесті жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Кіші Рой Джонс UFC президенті Дана Уайттың жақын досы. Қазіргі таңда біз Рой Джонстың командасымен серіктеспіз және мен екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы Аманда Нуньеспен жекпе-жек ұйымдастыруды сұраймын. Мен оны нокаутқа түсіргім келеді. Аманданы Кристиана Жустиноны жеңуімен құттықтаймын. Ол бокстың тамаша техникасын көрсетіп, таза нокаутпен уақытынан бұрын жеңді. Мен бұл жекпе-жекті асыға күттім, себебі жеңімпазбен кездескім келеді. Қазір өз командамнан бұл жекпе-жекті 2019 жылы ұйымдастыруын сұрайтын боламын. Нуньестің икемін ескерер болсақ, ол қызықты өтуі тиіс. Ол жекпе-жек менің Ева Вальстроммен кездесуімнен кейін өтуі мүмкін деп ойлаймын", - деді Фируза Шәріпова.

Айта кетейік, Аманда Нуньес (17-4) отандасы Кристиана Жустиноны (20-2) жеңіп, UFC тарихында екі салмақ дәрежесі бойынша алғашқы чемпион атанды.

Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін 2019 жылы көктемде WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстроммен өткізуі тиіс. Ол бірлескен кездесу болады және оның жеңімпазы екінші жартылай салмақта әлем үздігі атанады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер