BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Майк Тайсон: Мен Головкиннің жанкүйерімін

Фото: kvedomosti.com

Аса ауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің стилі ұнайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz.

Оның пікірінше, Головкин салмақ категориясына қарамастан, pound-for-pound бойынша үздік боксшы.

"Мен Головкиннің фанатымын. Бүгінде ол pound-for-pound бойынша үздік. Ол рингте жәй ғана боксшы емес, нағыз жаналғыш. Ол рингке ұпай айырмасымен жеңуге шықпайды, қарсыласын жойып жіберуді мақсат тұтады. Головкин көрерменге қалаған нәрсесін бере алады", - деп келтіреді Тайсонның сөзін Notifight.

Ал мұның алдында орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Фернандо Варгас Головкинді дәл осы Тайсонмен салыстырған еді. Мұндай ұқсастықты WBA, IBF және IBO бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуа да байқаған.

2015 жылдың сәуірінде Тайсон Головкинді "аңызға айналған кейіпкер" деп атаған. Ал GGG өзін екінші Тайсон деп санамайтынын айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер