BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көшпенділер ойыны-2016: М.Ниязов ақындар айтысында гран-при жүлдесін жеңіп алды

Фото: azattyq.org

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Қыршын тау шатқалында ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Baq.kz.

2 күнге созылған сөз өнері сайысына Қазақстан мен Қырғызстаннан келген 18 ақын қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша гран-при жүлдесін қазақ ақыны Мұхтар Ниязов пен қырғыз ақыны Азамат Болгонбаев жеңіп алды. Оларға 300 мың сом көлемінде ақшалай жүлде табысталды.

«1-ші орынға ие болған Жарқынбек Наушабеков (Қазақстан) пен Болот Назаров (Қырғызстан) 150 мың сом алды. Ал 2-ші орын алған Нұрмат Мансұров (Қазақстан) пен Амантай Кутманалиевқа (Қырғызстан) 100 мың сом бұйырса, 3-ші орынға іліккен ақындар Дидар Камиев (Қазақстан) пен Асылбек Маратов (Қырғызстан) та 100 мың сом көлеменідегі ақшалай жүлдеге ие болды», – деп хабарлады ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының хатшылығы.

Сонымен қатар ақындар айтысында өз бағын сынаған әрбір қатысушыға арнайы сыйлықтар мен 50 мың сом көлеміндегі ақшалай жүлде берілді:

Атақты қырғыз ақыны Эстебес Турсуналиев атындағы сыйлық – Тоба Отолбаев (Қазақстан)

Атақты қырғыз ақыны Ашыраалы Айталиев атындағы сыйлық – Айтпай Жұмағұлов (Қазақстан)

Атақты қырғыз ақыны Тууганбай Абдиева атындағы сыйлық – Изат Айдарқұлов (Қырғызстан)

Қырғыз кино-драматургі, прозаик Бексұлтан Жакиев атындағы сыйлық – Мақсат Кулуев (Қырғызстан)

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Чолпан Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтіп жатыр. Жаһандық жарысқа 58-ден астам елдің 600 жүзге тарта спортшысы қатысуда. Олар 25 спорт түрінен бақ сынайды. Халықаралық іргелі шара туралы жаһанның 35 елінен көптеген белгілі ақпарат құралдары хабар таратуда. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 75 спортшы қорғайды.

ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 3-8 қыркүйек аралығында өтеді.

Дәурен Ерболат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер