Көшпенділер ойындарында аударыспаққа қатысқан қазақстандықтарға әділетсіздік жасалған - Спорт|10 Қыркүйек 2018, 15:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Көшпенділер ойындарында аударыспаққа қатысқан қазақстандықтарға әділетсіздік жасалған

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан еліміздің спортшылары аударыспақтан Көшпенділер ойындарында неге екінші орын алғанын түсіндірді, деп хаьарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Аударыспаққа біздің ең мықты балуандарымыз барды. Кілең Азияның, халықаралық жарыстардың чемпиондары. Бес салмақ бойынша бесеуі де финалға жетті. Сөйтіп, бесеуінің де финалда қатарынан жеңілгені кім-кімнің де күмәнін туғызбай тұрмайды ғой. Бұған дейін жауырындары жер иіскемеген, жекпе-жекте бірнеше жыл бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Біржан Қосалиевтің, Сырым Ізбасаровтың, биылғы Азия чемпиондары Арман Сағынбаев пен Азамат Серғазиндердің, Ерназар Байғоновтың ұтылғаны елеусіз қалдыра салатын жағдай емес қой. Біржанды қарсыласы атпен қағып құлатқан. Сырым басынан қатты соққы алып, аяғынан да жарқаттанып, сол жерден ауруханаға жөнелтілген. Әрине, «протестік» хат жазылды. Жасыратыны жоқ, төрешілер тарапынан жіберілген бұра тартушылықтың, аздаған әділетсіздіктердің жасалғаны рас» - дейді Бекболат Тілеухан.

Алайда Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті бұл олқылықтарды алдағы уақытта жібермеуге тырысатынын айтты.

«Жарыс өтіп кеткен соң оның өзі бір өнбейтін дау сияқты нәрсе ғой. Мұндай әділетсіздіктер басқасы басқа, олимпиадалық ойындарда да болған. Жеңіліп, есеңгіреп тұрған боксшыға жеңісті беріп кеп жібергенде, кезіндегі атақты боксшы Левиттің сол сәтте қалың жанкүйерге қаратып «Т-с-сс!» деп ескерту жасағаны жер жаһанға тарап кеткен. Сол сияқты бізге де бұл тұста бір-бірімізге «Т-с-сс!» деп, сабыр қылғаннан басқа амал жоқ» - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер